Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында көлік қағып кеткен балалардың қазіргі жағдайы белгілі болды

Фото: t.me/DenMinPR

Абай облысында көлік қағып кеткен балалардың жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жол апатында жараланған екі бала санитралық авиация арқылы Астанаға әкелініп, қаладағы №2 көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған. Денсаулық сақтау министрі ауруханаға барып, балалардың жағдайымен танысты. 

Дәрігерлердің айтуынша, жарақаттық шок жағдайында, жіліншік, қол жарақаттарымен түскен 6 жастағы баланың жағдайы тұрақтанып, бүгін жансақтау бөлімінен кәдімгі палатаға ауыстырылған. Ал оның 9 жастағы әпкесі жасанды тыныс алу аппаратымен жансақтау бөлімінде жатыр. 


Абай облысында көлік қағып, қаза тапқан балалар ата-әжесіне қонаққа келген


Үшінші зардап шеккен бала аудандық ауруханада, өте ауыр жағдайда жатқан көрінеді. 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова зардап шеккен балаларды емдеу барысын ерекше бақылауда ұстайтыны атап өтті. 

"Біздің балаларымыздың денсаулығы мен өмірі басты басымдық болып табылады. Мемлекет оларды қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен кішкентай пациенттерді құтқаруға жедел қатысқан дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Балаларға тезірек сауығып кетуін, ал туыстарына — осы қиын уақытта күш пен шыдамдылық тілеймін", – деді Ақмарал Әлназарова.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында көлік бір топ баланы қағып кетіп, үш бүлдіршін мерт болып, тағы үш бала жарақат алған еді. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 21 Тамыз, 2025 20:07
Талқылау