Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында жолдан такси ұстаған бойжеткен жоғалып кетті

Абай облысында бойжеткен Семейге бара жатқан жолда өтіп бара жатқан таксиге отырып, кейін жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
2 маусымда полицияға Бородулиха ауданының тұрғыны хабарласқан. Ол 1994 жылы туған қызы Динара Ғалиқызы Досымбекованың жоғалып кеткенін хабарлапты. Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, Абай ауданында қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

"26 мамырда жоғалған қыз Семей қаласына аттанып кеткен, оның қайда екені белгісіз, полиция қызметкерлері оны табу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілері: бойы 165 сантиметр, дене бітімі орташа, көзі көк, шашы ашық қоңыр. Ол джинсы күрте, джинсы шалбар және ақ кроссовка киген.



Қыздың жоғалғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін қарағандылық жолаушы Indriver қызметінің такси жүргізушісі оған шабуыл жасағанын жаздық. Шағын ауызша кикілжіңнен кейін такси жүргізушісі жолаушылардың "аналарын балағаттап, бейәдеп сөздер" айта бастаған.

Талқылау