Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай ауданында бірнеше елді мекеннің тұрғындары жарықсыз қалды

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 19 желтоқсанға қараған түні Аягөздегі Қабанбай көшесінде трансформатор өртенгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТЖМ

"Аягөзде Қабанбай көшесінде жеке тұрған трансформатор өртеніп кетті. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі Аягөздегі орталықтандырылған қосалқы станцияда 23:20 шамасында болған өртке байланысты қазір қалада жарық толықтай өшірілгенін айтты. Қазір қалпына келтіру жүргізіліп жатыр.

Электрмен жабдықтау Баршатас, Малкелді, Емелтау, Мәдениет, Байқошқар, Қосағаш, Мыңбұлақ, Нарын, Өркен, Бидайық, Айғыз, Ақшаулы, Ақтоғай, Көпа және Тарлаулы ауылдық округтерінде қалпына келтірілді. Алайда Аягөз қаласы мен Тарбағатай, Қарағаш, Майлин, Сарыарқа, Ақшатау, Мамырсу және Ақши сынды бірқатар елді мекенде электр жарығы әлі қосылған жоқ.

Әкімдік электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жалғасып жатқанын мәлімдеді.



Еске салайық, бұған дейін Алматы облысына қарасты Талдыбұлақ ауылының халқы қақаған аязда жылусыз қалдық деп шағымданды. Талғар ауданының тұрғындары үйдегі газдың қысымы төмендеп, сөніп қалғанын айтты. Өңірдегі Талғар ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылының тұрғындары жазда ауыз суға, қыс келсе жылуға зәру екенін айтады. Олардың айтуынша, ауылға 2018 жылы газ келген. Алайда көгілдір отын тартылғанымен, әлі күнге дейін қосылмаған. Тұрғын Қанай Алдабергенов үйлерінде әр бөлмеде жылытқыш қондырғылар қосулы тұрғанын айтты.

Талқылау