Абай облысында тағы да орман өртенді
Абай ауданындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватынан тағы да өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1 тамызда "Семей орманы" GLPR операторынан Бесқарағай ауданында Дөңгөлек орман жабындысы бар аймақтағы орманды алқапта егін өртенді.
“Өрт шыққан жерге орман шаруашылығынан, облыстық ТЖД 60 адам, 25 бірлік техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, "Казавиаорманқорғау" АҚ "МИ-2" тікұшағы жұмылдырылды. Қазавиақұтқару "МИ-8" тікұшағымен облыс әкімдігі, ТЖД басшылығы аэровизуалды тексеру жүргізді”, – делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, Абай облысында ыстық және құрғақ ауа райы сақталып отыр. Ормандардың өрт қауіпсіздігі мониторингі облыстық ТЖД ерекше бақылауында.
Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында өрт 7 гектар аумақта оқшауланып, түгелдей сөндірілді.
Еске сала кетейік, 9 маусым күні таңертең өрттің ауданы шамамен 30 мың гектар болды. Алайда кешке оның ауданы 60 мың гектардан асты. Семейде өртке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. 9 маусым күні кешке президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинға Абай облысына өрт орнына баруды тапсырды. Сонымен бірге 9 маусым күні кешке үш адам қайтыс болғаны белгілі болды. Ақпарат көзінің хабарлауынша, техника жетіспеген, өрт кеш сөндіріле бастаған, өрттің таралуы туралы қате болжам жасалған.