Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында полиция басшысы тәрбиелеу мақсатында қол астындағыларды "рогаткамен" атқылаған

полиция айырсадақпен атты

Видеодан скриншот

Желіде полиция басшысының қол астындағыларға “тәрбиелеу” мақсатында айырсадақ атқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абай облысы Шар қаласының полиция бөлімінің бастығы Дәурен Әлжаппаров қарамағындағы полицейлерге айырсадақпен оқ атқан. Видеодан оның кабинеттерді аралап, полицейлерді қуып жүргені байқалады. Видео ақпан айында түсірілген. Яғни полицейлердің бірі бөлімшедегі бейнебақылау камерасының жазбасын ұсынған.

“Ол осылайша қарамағында жүрген полицейлерді "тәрбиелейді". Оған қоса, адамның абыройын аяққа таптап, жымиып, рахаттанады”, – деген полиция қызметкерлерінің бірі.

Stan.kz жағдайға қатысты Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен пікір сұрады. Полиция тергеуді бастады.

“Абай облысы полиция департаментінің жеке құрам инспекциясы тарапынан оқиға орнына шығу арқылы қызметтік тергеп-тексеру тағайындалды. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті шешім қабылданады. Тәртіп пен заңдылықты сақтау – полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында”, – деп мәлімдеді ПД баспасөз хатшысы.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 14 Шілде, 2025 11:43
Талқылау