Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Абай облысында мұғалімнің оқушыларға қол жүгірткен видеосы тарады (видео)

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде мектептердің бірінде мұғалімнің оқушыларға қол жүгірткені көрсетілген видео тарады. Бейнежазба 2023 жылы түсірілген. Абай облысы білім басқармасы болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жағдайдың қалай болғанын баяндады.

“Мұғалім осылайша сабақ кезінде қыздарды жүйелі түрде ұстап, сипап жүрген. Бетінен, құлағынан, мойнынан ұстаған. Видеодағы қызға оның бұл әрекеті ұнап тұрған жоқ. Ол өзін қалай ұстау керегін білмей тұр. Ол өзін қорғай алмайды. Басқа балалар да бұл жағдай өздерінің де басынан өтетінін біліп, сырттай қорқып бақылап тұр. Қыздар қатты ұялады, олар өз шекарасын қалай қорғау керегін білмеді. Бірде оның қыздарға қол жүгірткен әрекеті камераға түсіп қалып, бұл видео мектептің чатында жарияланып, үлкен дау туған. Белгілі болғандай, мектеп директоры оған құжаттарын алып кетуін бұйырған, содан кейін ол мектептен кеткен”, – деп жазды Дина Таңсәрі.

Алайда балалар ол видеоны қайта жіберіп, мұғалімнің басқа мектепте жұмыс істеп жүргенін жазып жатыр. Дина Таңсәрі Балалардың құқығын қорғау комитетінен бұл жағдайды тексеруін сұрады.

“Еске салайық, бұл жағдай Семейде әскери дайындық пәнінің мұғалімі 13 жастағы оқушы қызды зорлаған мектепте болып отыр. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бірақ мектеп директоры жәбірленушінің буллингке ұшырауына жол берді және қазір қыздың жаны жаралы. Оның үстіне мұғалім баланы емес, мұғалімді қорғаған. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жұмыс орнында тиіскен педагогқа қатысты оның қызметтік жағдайын, оқушылардың жас ерекшелігін және тәуелділігін пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 121-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етеміз. Аталған педагогтың балалармен жұмыс істеуіне тыйым салуды сұраймыз”,  делінген жазбада.



Бұл жағдай Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау комитетінің тұрақты бақылауында. Комитет мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына да хабарласқан.

Абай аудандық білім басқармасы бұл мектепте әскери дайындық пәнінің мұғалімі 13 жастағы оқушы қызды зорлағанын растады. Ведомствоның мәліметінше, видеодағы мұғалім 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 6 наурызына дейін жалпы білім беретін мектепте жұмыс істеген.

“Оны негізгі қызметкердің декрет демалысы кезеңінде жұмысқа қабылдаған. 2024 жылдың наурыз айында қызметкердің өз бастамасымен басқа қалаға көшуіне байланысты еңбек шарты бұзылды”, – деп мәлімдеді білім басқармасы. 

Видеодағы оқушы қыз қазір жалпы білім беретін мектепте 9-сыныпта оқуын жалғастырып жатыр.

“Оқушыдан немесе оның заңды өкілдерінен мектеп әкімшілігіне немесе педагогқа ешқандай шағым немесе өтініш түскен жоқ”, – делінген жауапта. 

Бұған дейін Семейде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі 13 жастағы қызды зорлағаны үшін өмір бойына сотталғаны туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 14:16
Талқылау