Абай облысында мектептегі қазандық жарылды: Зардап шеккендер бар
Абай ауданы Үржара ауылындағы мектепте жылу қазандығы жарылды. Салдарынан қазандықтың шатыры жартылай опырылып, бір адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Рexels.com
Жарылыс кезінде зардап шеккен от жағушы 2-3 дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді.
“22 қарашада Үржар ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте жеке қазандықтағы жылу қазандығы жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жылу жүйесіндегі айналымның бұзылып, ол қазандықтағы қысымның көтерілуіне әкеп соқты”, – делінген хабарламада.
Жарылыс салдарынан қазандықтың 18 шаршы метр шатыры опырылған. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары мен басқа да қызметкерлер жұмыс істеп жатыр.
“1970 жылғы мектеп қызметкері 2 және 3 дәрежелі күйік алған. Науқас аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды, жағдайы тұрақты”, – деп мәлімдеді басқарма.
Әкімдіктің мәліметінше, оқиға 943 оқушысы мен 117 мұғалімі бар мектептің сабақ кестесіне әсер еткен жоқ. Білім ошағы қазір резервтік қазандық арқылы жылытылып отыр.