Абай Бегейдің қашан үйленетіні белгілі болды
Таяуда әнші Абай Бегейдің екінші рет үйленетіні жайлы ақпарат пайда болды. Жеке өмірі туралы жан баласына жақ ашпай жүрген өнер иесінің құпиясын әріптесі Меруерт Түсіпбаева ашқан болатын, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Желідегі парақшасында шақыру билетінің суретін жариялап, артынша өшірген Түсіпбаеваға Абай Бегейдің өзі қолқа салған көрінеді.
Әнші елдің сөзінен тартынса керек, жақын күндері отбасын құратынын жарияламады.
Ал өнер иесінің үйлену тойы 2 шілде күні Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде өтеді екен.
Айта кетейік, осыдан бірер жыл бұрын жұбайынан айырылып қалған болатын. Өнер иесінің алғашқы некесінен төрт перзенті бар. Әнші былтырғы жылы тұңғышы Еркені ұзатқан болатын.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген