Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей қызын тоқалдыққа қимайтынын айтты

Отандық бағдарламалардың біріне Абай Бегей қызын тоқалдыққа қимайтынын айтты. Тіпті, оның тоқал болуын елестетіп көруден бас тартты.

15538139_1306813479341442_3404408593133338624_n

Фото: instagram.com/abai_begei/

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Сіздің үлкен қызыңыз тұрмысқа шығатын жаста. Егер жап-жас қызыңыз біреудің тоқалы болғысы келетінін айтса, сіз қалай қарайсыз?” – деп сұрады журналист Анна Данщенко.

“Негізі қызым олай айтпайды. Мұндай жағдай біздің отбасымызда болмайды. Мұны тіпті елестете де алмаймын. Мен бұл дәстүрге қарсымын. Әйелі бола тұра басқа біреуді алу деген – оны жақсы көріп қалып, ғашық болып қалып алу емес, оған көмек ретінде алу. Мысалы, жесір әйел болып жатса, ол балаларымен қалып қойып жатса, көмек ретінде тоқалдыққа алуға болады. Алланың ризашылығын алу үшін ғана алуға болады. Ал тоқалды сүйіп қалғандықтан алып отырмын дейтіндердің бәріне қарсымын”, – дейді Абай Бегей.

Естеріңізде болса, жыл ортасында Қарақат Әбілдина да Қыдырәліге тоқал алып беремін деп айды аспанға бірақ шығарған болатын. Тіпті, сол кездің өзінде жұлдызды жұптың әріптестері Қарақаттың бұл ойын толықтай қолдаған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғали мен Еркенің «Алло» бейнебаянын бір жылда 17 миллион адам тамашалаған (видео)

Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа фотосессиясы желіні шулатып жіберді (фото, видео)

Алматыда мектептің мәжіліс залына Төреғали Төреәлінің есімі берілді

Төреғали Төреәлі Ләйлә Сұлтанқызына ерекше құттықтау жолдады (видео)

Талқылау