Абай Бегей Кубада бейнебаян түсірмек
Әнші Абай Бегей үш бірдей бейнебаянын Куба елінде түсірмек. Осынау ауқымды шығармашылық жұмысты жасау үшін ол Кубаға 2 ақпан күні аттанады екен.
Бұл туралы baistars.kz хабарлайды.
Абаймен бірге Кубаға «Синфрантера» тобы, режиссер Рахман Кенжебеков, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының басшысы ұшпақ. Үш бейнебаянның біреуі “Синфрантера” тобымен бірігіп түсірілсе, екеуі өзінің орындауындағы екі ән екен. Әзірге, шығармашылық топ қай әндерге және қандай сюжет болатынын құпия ұстап отыр.
Бұл сапарға жұмыс тобы жарты жыл бойы дайындалған. Кубалық режиссерлермен, техника мамандарымен келісімшарттар жасалды. Олар әншімен және оның тобымен жұмыс жасауға дайын. Бірінші бейнебаян эфирге наурыз айында шығады деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай Бегей «Синфрантера» тобымен «Аспанға қараймын» әніне бірігіп бейнебаян түсірген болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
