Абай Бегей Куба елінде түскен суреттерін көрсетті
Әнші 2 ақпан күні аталған елге бейнебаян түсіру үшін аттанған болатын. Инстаграмдағы парақшасына барған елінде жұмыс істеп қана қоймай, демалып жүргеніне куә суреттерді жариялады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әншінің Инстаграм парақшасында abaybegey жариялаған суретін көрген қолданушылар бейнебаянын сәтті түсіруін тілеп жатыр. Әнші Mezguita Abdallah мешітіне де барған.


Әнші Куба еліне жалғыз емес, “Аспанға қараймын” әніне бірге бейнебаян түсірген «Синфрантера» тобы мен режиссер Рахман Кенжебековпен бірге ұшқан. Мұнымен қатар, бір емес үш бейнебаян түсіруді көздеп отыр.


Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін желі қолданушыларының әншінің суретін сынағаны туралы жазған болатынбыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"