Абай Бегей: Алматыда қиналып жүргенде әйелім ақша салып жіберетін
Абай Бегей 2000 жылдардың басында отбасын Ақтауда қалдырып, өзі Алматыға жұмыс істеуге кеткен. Ол сол шақта марқұм жарының өзіне көрсеткен қолдауы жайлы айтты. Әнші боламын деп тыраштанып жүргенде өзі қиналып қалса да, ақшалай көмектесіп отырған әйеліне деген ризашылығын білдірді.
Бұл туралы КТК арнасының “Әнім сен едің” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
“Мен ол кісінің атын айтпайтынмын, Жәке деп еркелететінмін. Телефонмен ештеңені білдіртпейтін. Мен 2007-2009 жылдары өнерде жүрдім, Жанат ол кезде Ақтауда қиын жағдайда болды. Ақша болмай қалса да соны жоқтатпай, жоқ деп айтпай, “барлығы жақсы, шүкір” деп айтатын. Артынан талай жоқ болып, қиналған кездері болғанын естідім. Оны маған айтпағаны – ақылдылығы деп ойлаймын”, – деп еске алды Абай Бегей.
Абайдың жары Жанат өзі қиналса да, үлкен қалада жалғыз жүрген жарының қиналғанын қаламады. Тіпті, өз аузынан жырып, ақша салып отырған. Өкінішке қарай, Абайы енді табысқа кенеле бастағанда, Жанат оның рахатын көре алмады.
“Алматыға келгеннен кейін біраз қиындықтар болды. Кішкене ақша тапсақ, аранжировка жасатамыз, бейнебаян түсіреміз. Өнерге деген бүкіл нәрсемді салып, көшеде біраз қиналып жүрген кездерім болатын. Сол кездің өзінде артылып жатса, маған ақша салып жіберетін. Ақтауға бара қалсам, таныстар: “Алматы не болды? Ауылға қайтасайшы”, – дейтін. Бірақ мені намыс жібермеді. Қалайда шығам деуші едім. Әйелім жаңағыдай қолпаштап отырды. 5 мың теңге ақша салып жіберсе, соны ет алып, бір тамаққа тойып қалатынбыз”, – дейді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев оқушы кезінде әкесімен бірдей табыс тапқан
Ақбота Сейітмағамбеттің тағы тұрмысқа шыққаны рас па? (фото, видео)