Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абаев Қазақстандағы барлық ауылдың қашан толық интернетке қосылатынын айтты

Парламент мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев министрлік “Қазақтелеком” және “Транстелекоммен” тізе қосып жұмыс істеп, ауылдарға интернет жеткізу мәселесін жүзеге асыруға тырысып жатқандарын айтты.

abaev-2-e1462534710230

Бұл туралы newtimes.kz хабарлайды.

“Қазір біз жыл соңына дейін радио желілік бекеттер құрылысын жоспарлап отырмыз. Біз барлық аудан орталықтары 4G стандартындағы интернетпен қамтамасыз етілуін жоспарлаудамыз. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. Алдағы екі жылда бұл шаруаның бірінші кезеңі аяқталады”, – деді министр.

Алайда министрдің атқарылатын шаруа туралы есебі парламенттің төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматуллинді қанағаттандырмаған секілді.

“Сіз формат туралы айттыңыз да, бірақ қашан орындалады деген нақты сұраққа жауап бермедіңіз. Ал бұл өте маңызды. Жобаның форматы туралы қаржы министрі Сұлтанов парламентке келіп айтып кеткен. Бізге қай уақытта орындалатынын білу керек”, – деді мәжіліс төрағасы.

Дәурен Абаев жобаның екі кезеңге созылатынын алға тартты.

“Біз екі кезеңде аяқтаймыз. 2017-2019 жылдары 1291 ауыл қосылады. Ал қалған 4000 ауыл екінші кезең, яғни 2020-2025 жылдары интернетке жетпек”, – деді Абаев.

Оқи отырыңыз:

Тасмағамбетов Ресейге жұмыс істеуге жіберілді

Қызылорда қаласының әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынды ұрсып тастады

Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктер саны қысқартылады

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Талқылау