"96 келіге жеттім": Алтынай Жорабаева декретте отырып, салмақ қосқанын мойындады
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева қалай салмақ тастағанын оқырмандарына айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: altynaj-zhorabaeva
Өнер иесі декретте отырып, артық салмақ жинағанын мойындады.
“Алтынай қыздарыңыз 96 келіден 75 келіге түсті. Аллаға шүкір! Мақсатым – 60 келі болу. Алла денсаулық берсін!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, эстрада жұлдызын танымай қалды.
“Не деген күш-жігер?!”, “Өте жинақы болып қалыпты”, “Керемет әнші тек тез салмақ қосып алады”, “Сахна артық салмақты көтермейді”, “Қалай жүдеп кеткен”, – деп жазды көпшілік.
-
"Бір бөлме аяқкиімі бар": Алтынай Жорабаеваның күйеуі сыйлаған пәтер қызу талқыға түсті
-
"Бұрынғымен салыстырасың": Алтынай Жорабаева күйеуін ел алдында мақтады
Сондай-ақ әнші сахнадан не себепті көрінбей кеткенін түсіндіріп, іздеген оқырмандарына алғыс айтты.
“Алтынай-ау әнді қойдың ба? Неге сахнаға шықпайсың?” деген сұрақтарға жауабым: Әнді, сахнаны қойған жоқпын. Алла қаласа, алда талай жоспарлар бар. Алтынайдың екінші демі ашылды”, – деді эстрада жұлдызы.
Еске салайық, "Бір қыста екі жылқы жейміз" деген Алтынай Жорабаева соғымын көрсетіп, көпшілікке жақпай қалғанын жазған еді.