“91” тобының 100 мың АҚШ доллар жұмсалған фильмін көруге келген қыздар жаппай жылады “фото)
Осы уақытқа дейін қоғамның қарсылығына ұшырап келген Ninety One тобы өздері туралы түсірілген фильмнің тұсауын кесті.
Алматы қаласындағы «Сарыарқа» кинотеатрында журналистерге арналған көрсетілім өткізді. Ал жанкүйерлеріне, «иглздарға» арнап концерт қойды,-деп жазды Stan.kz сайтының аты шулы топпен кездесуге барған тілшісі.
Фильмнің тұсау кесерінде белгілі бизнесмен қайрат Құдайберген, продюсер Алуа Қонарова, Ayumi тобы бой көрсетті.
Фильмге толықтай жауапты режиссер Асқар Ұзақбаев пен актриса Әсел Садуақасова болған.
«Фильмде балалардың болмысын барынша ашуға тырыстық. Еңбек пен қаржы ақталатынына сенеміз. Бұл картинаға орта есеппен 100 мың АҚШ доллары жұмсалды»,- дейді режиссер Асқар Ұзақбаев.
«Топтың осы уақтқа қалай жеткенін, өнерге деген махаббатын көрсеткіміз келді» деген продюсер Ерболат Беделхан Ninety One тобы алдағы уақытта өзге тілде ән сала ма және шетелге шығу жоспарда бар ма деген сұрағымызға былай дейді:
«Біздің негізгі мақсат, Қазақстан ішінде қазақ тілінде сауатты контент қалыптастыру. Сондықтан біздің басқа тілде ән айтатын жоспарымыз жоқ. Ал шетелге шығу жайына келсек, иә, қазір бірнеше елдерден ұсыныс бар. Алайда оның бәрі алдағы уақыттың еншісінде»,- дейді Ерболат Беделхан.
Ал аты шулы, танымал Ninety One тобы продюсерлеріңіз кинодағыдай қатал ма деген сұраққа бір күліп алды.
«Иә, дәл солай, кейде одан да қатты қатал. Сіздер онымен жұмыс істеп көрген жоқсыздар ғой»,- деп әзіл-шыны аралас жауап берді Ninety One-дық жігіттер.
Фильмде топтың дайындықтан өтулері, продюсердің қиын тапсырмасы, жанкүйерлердң қолдауы мен «хейтерлердің» қарсылығы көрсетіледі. Сондай-ақ, эстрада әншілері мен ақын Ринат Зайытовтың қарсы сөйлеген сөздерінен, әр қалаларда қарсы шыққан топтардың видеоларынан үзінділер келтірілген.
«Сарыарқа» кинотеатрының алдына жиналған жанкүйерлер көз жастарына ерік беріп те жүр. Ал кейбіреулері сыйлықтарын да арқалай келіпті.
Кинодан кейін концертке жиналған жанкүйерлер өте көп болды. Бәрі де жігіттердің әніне қосылып, билеп, қолдап жатты.
Ал кешкі сеансқакелген адамның кезегінде есеп жоқ. Бұл күні Ninety One тобы ерекше махаббатқа бөленгендерін жеткізді.
Оқи отырыңыз:
Әнші Заттыбек ауылдастарна Намазхана салып берді
Әке тәрбиесі туралы сөз еткен Бүркіт көптің жүрегін елжіретті
Есентаева мен Жорабаева Димаштың суреті бейнеленген ұшаққа қатысты пікір білдірді
Әнші Серікбол Сайлаубек анасының 60 жылдығын дүркіретіп өкізді (фото)