Сейфуллинның 90 жастағы анасының биі желіні шулатты (видео)
Иә, адамның нағыз жасы құжатқа қарамайды. 20-да болып та қартаюға, 90-ға келіп те жастардан қалыспай билеуге болады екен! 90-ның шыңына шыққан Сейфуллин Жолбарыстың анасы бұл сөзіміздің айқын дәлелі бола алады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше Аманкүл әженің мерейтойы Алматыдағы мейрамханалардың бірінде тойланды. Тойға жиналған қауым әжейдің әніне құлақ құрышын қандырып, биіне таңдана қарады.
Аманкүл әже сүйікті келіні Екатеринаның маңдайынан сүйіп, онымен жарыса би биледі. Видеоны желіге қоғам белсендісі Серік Абас-Шах жүктеді.
Ал желідегілер Аманкүл әженің 90-ға келгеніне күмәнмен қарағандай болды.
«Әжеміз қыздай ғой, жасын берсін», «Жасы жүзге келсін», «90 жастың биін қараңдар, өзіміз 90-ға келсек не істеп отырар екенбіз?», «Молодец, енесі келініне риза сияқты ғой», – деп пікір білдірді желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Сейфуллин Жолбарыс 90-ға келген анасына дүркіретіп той жасады (фото, видео)
Мейрамбек Бесбаев Анталия төрінде Шәмшінің әнін айтып, елді сүйсіндірді (видео)
Әйелімен отасқанына 20 жыл толған Майғазиев өзі үшін қымбат суреттерін көрсетті
Ақбота: Дәуренді құлай сүйгендіктен, басында екінші әйелі болуға да келіскем