Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

90 жастағы қазақстандық құрма жеймін деп өліп кете жаздады

90 жастағы қазақстандық құрма жеймін деп өліп кете жаздадыФото: Stan.kz

Петропавлда жедел жәрдем қызметкерлері құрманың сүйегіне қақалып қалған зейнеткерді құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“103 пультіне 90 жастағы әйелдің қақалып дем ала алмай қалғаны туралы шақырту келіп түсті. Дәрігерлер келгенге дейін қарт әйелдің беті көгере бастады, кейін жедел жәрдем орталығының мамандары оның прекома күйінде болғанын түсіндірді”, – деп мәлімдеді облыстық жедел медициналық көмек орталығы.

Алибек Түлеу, Екатерина Яшонкова және жүргізуші-парамедик Қайрат Сайбанов шақыруға екі минут ішінде жетті. Науқас прекома күйде болып, дем алуға тырысқан. Оның тыныс жолдары бітелгендіктен өзі дем ала алмаған. Бригада дереу халықаралық ACLS стандарттары бойынша көмек көрсетуге кірісті.

90 жастағы қазақстандық құрма жеймін деп өліп кете жаздадыФото: Солтүстік Қазақстан облыстық жедел медициналық көмек орталығы

Фельдшерлер бірқатар медициналық шаралар жүргізіп, нәтижесінде әйелдің тыныс жолынан құрма сүйегін шығарып алды.

Дем алуы қалпына келген соң әйел қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Айым Болатқызы
Жұма, 30 Қаңтар, 2026 09:41