Халықтан 25 миллиард теңге жинаған "Asar Baspana" қаржылық пирамидасының ісі сотқа жолданды

Қазақстанда өздеріне 90 мыңнан астам адамды тартып, 25 миллиард теңгеден астам қаражат жинаған "Asar Baspana" қаржылық пирамидасының ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, қаржы пирамидасы қызметінің фактісі бойынша тергеу аяқталған.
“Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен. Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 миллиард теңгеден астам қаржы салған. Көп жағдайда бұл қаражат жеке кәсіпкерлердің бақылауындағы шоттар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар оны жеке мақсаттарына пайдаланған. Ал қаражаттың есебі әдейі жүргізілмей, қылмыстың ізін жасыру көзделген”, – делінген хабарламада.
Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"