Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 жасында аяғын кестіріп протез жасатқан қыз балет бишісі атанды (фото)

АҚШ-тың Миссури штатының тұрғыны Гэби Шулл 9 жасқа толғанда дәрігерлер оған остеогенді саркома атты ауыр дерт диагнозын қойған. Яғни, жасушалар сүйек тінінен алынады. Осыдан соң Гэбидің аяғын кесіп алып тастау керек болған.

leg-dancer-970-head

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

3586509600000578-0-image-a-12_1466537036577

Гэби аяғын кескен соң бір жылдан соң тұрып жүре бастаған. Тағы бір жыл өткен соң ол балетке қатысқан. 14 жастағы биші осылайша қиын жағдайға түскен адамдарға үлгі болып, ешқашан мойымау керектігін көрсете білді.

3586508600000578-0-image-a-9_1466536589564

Гэби алғаш рет 2011 жылы коньки теуіп жүріп құлап қалады. Бастапқыда қатты ауырсынбағанымен, екі апта өткен соң өзін нашар сезіне бастайды. Ата-анасы оны ауруханаға апарғанда дәрігерлер  МРТ нәтижесінде Гэбидің қатерлі ісікке шалдыққанын айтқан.

3586505600000578-0-image-a-10_1466536962630

Гэби 3 ай химиялық курстан өтіп, ақырында ротационды пластика жасауға бекінеді. Бұл пластикалық ота аяқты жамбас тұсына дейін кесу керек болғанда жасалады. Мұндай ота арқылы тобық пен жамбас сүйектерін біріктірілгендіктен,  аяқты  180 бағытқа бұруға болады.

358650F300000578-0-image-a-7_1466536567324

«Біз Гэби екеуміз аяғын кесіп, осындай ота жасаған көптеген балалардың коньки, ролик теуіп жүрген видеоларын көрдік. Ротационды пластиканың ешқандай кемшілігі жоқ. Қызым биді жақсы көргендіктен біз осындай қадамға бардық», – деп еске алады анасы.

358A778600000578-3653215-image-a-30_1466581804047

Алғашында протезді аяқпен билеу Гэбиге қиынға соғады. Ақырында ұстаздарының арқасында қадамдар жасап, ол ақырында сахнада билейтіндей жағдайға жетеді.

358A778A00000578-3653215-image-a-31_1466581805838

Қазір Гэби түрлі би жарыстарына қатысады. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі компаниялардың көмегімен қатерлі ісіке шалдыққан балаларға көмектесіп, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады.

358650A200000578-0-image-m-4_1466536002212

Жіберіп алмаңыз:

Оралда екі аяғынан айырылған азамат кәсіппен айналысып бірнеше отбасыны асырап отыр

Қос аяғынан айрылған қытайлық дәрігер 15 жылдан бері ауыл аралап адам емдейді (фото)

Басына түскен қиындықты жеңе білген 10 адамның ерекше тағдыры (фото)

Талқылау