9 жасар қызын аяусыз ұрып келген Әсел Төрежігіт ата-аналық құқығынан айырылды
Әсел Төрежігіт ата-аналық құқығынан айырылды. Сот оның 9 жасар қызын аяусыз ұрып келгенін дәлелдеді. Ал әйелдің өзі сот отырысына келмей қойған.
Фото: Радиоточка
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
“Сот отырысы туралы смс-хат пен ескертпелер арқылы бірнеше рет айтылды. Істі сотқа дайындау кезінде қасымызда болғандықтан, ол мұның барлығы туралы біледі. Сот шешімімен Әсел Төрежігіт өзінің табысының 25 пайызын қызына беріп отыратын болады. Осылай қызы кәмелеттік жасқа толғанша жалғасады”, – дейді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов.
9 жасар Жәнелді атасына беретін болды. Сот шешіміне Әсел Төрежігіттің қарсы келетіні туралы мәлімет әзірге белгісіз. Қызын ұрған ана туралы оқиға интернетте қыркүйек айында пайда болған-ды. Дәрігерлер бүлдіршіннің басынан ауыр жарақаттар тапқан. Әсел Төрежігіт 200 сағат қоғамдық жұмыспен айналысатын болады.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбеде полицейлер наразылық акциясына шықты
ШҚО тұрғыны бір жыл бойы туған жиендерін зорлап келген
Шымкентте Швециядан келген еркекті асқан хайуандықпен өлтірген
Дәрігерлер балалардың смартфон, планшет алдында қанша уақыт отыру керегін айтты