Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 айлық баланы өлімнен арашалап қалған пойыз жолсерігін марапаттамақ

«Қазақстан темір жолы» АҚ басшылығы 9 айлық сәбиді өлімнен құтқарып қалған пойыз жолсерігі Алтынай Рамбаеваны марапаттамақ.

2719936

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Марапаттау рәсімі 1 тамыз – Көлік қызметкерлері күні мерекесі қарсаңына жоспарланған.

Айта кетейік 3 шілде күні Алтынай Рамбаева әдеттегідей жұмысқа шыққан. Астраханнан Маңғыстауға бет алған жолаушыларға жолсерік болған ол Мақат стансасына дейін барлығы ойдағыдай болғанын атады. Аталған стансаға келіп жеткен кезде жолаушылардың бірі купеде сәбидің шетінеп кеткенін хабарлаған.

«Мақаттан өткеннен кейін екінші купедегі әйел жүгіріп келіп сәбидің көз жұмғанын, ал анасының жылап отырғанын хабарлады. Жүгіріп келіп, нәрестенің ес-түссіз жатқанын көрдім. Тыныс алуын, жүрек қағысын тексердім… Бала көк-көмбек болып кеткен. Сосын қызды өзімнің қызметтік бөлмеме алып кетіп, оның қайта тыныс алуы үшін барымды салдым», – дейді Алтынай Рамбаева.

“Содан Құлсары стансасына жеткенше бірнеше жаттығу жасадым. Одан кейін қыз тыныс алып, жылай бастады. Бақытымда шек болған жоқ», – деп бөлісті Алтынай Рамбаева.

Еске сала кетейік, аптап ыстықтан 9 айлық сәбидің пойызда есінен танып, клиникалық өлім жағдайына түскенін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз:

Жас жігіт жалға алған ойын приставкаларын базарға апарып сатқан

Баланың құлағынан құрттарды алып жатқан видео қазақстандықтарды шошытты

Шымкентте ер адам 15 жыл отасқан әйелін буындырып өлтірді

Талқылау