80 жастағы анасын шырақтармен жүрек жасап қарсы алған ұлының әрекеті жұртты елжіретті (видео)
Желіде жарияланған видео көпшілікті толғандырып жіберді. Ұлы 80 жастағы Мәриям әжейді ерекше қарсы алды.
Видео Инстаграм парақшасының ztb_video тобында жарияланды.
Видеода бір топ қыз әжейді қолтықтап ұлына алып келеді. Ұлы анасын шырақтармен жүрек жасап, өзі гүлмен күтіп алады. Сол уақытта ана туралы ән берілген. Шырақтар ішінде тұрған ұлын анасы құшақтай алды. Бұл ұлының анасының туған күнінен жасаған ерекше сыйы болса керек. Оқиғаның дәл қай жерде өткені белгісіз.
Желі қолданушылары жігіттің әрекетіне сүйсінді. Олар осындай ұл тәрбиелеген ананың бақытты екенін, аналардың бәрі осындай сыйға лайық екенін жазуда.
Жіберіп алмаңыз:
Министр Қуандық Бишімбаев отырыстардың бірінде саксафонда ойнап елді таң қалдырды (видео)
Қыздар көшеде іш киімін шешіп беруін сұраған бейтаныс жігітке лыпасын шешіп бере салды (видео)
Әйелдер қай жаста төсек ләззатын көбірек қажет етеді
Қарағандылық тірі қуыршақ науқас фанатын құтқару үшін еркектермен бір түн өткізбекші