"80 мың адам тамашалаған": Ауғанстан билігі өлім жазасына кесілген ер адамды 13 жастағы жасөспірімге атқызды

Ауғанстанда тәліптер 13 жастағы балаға өз отбасының 13 мүшесін өлтірді деп айыпталған адамды ондаған мың адамның көз алдында атқызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Елдің оңтүстік-шығысындағы Хост провинциясындағы стадионға шамамен 80 мың ер адам жиналып, жазаны тамашалаған.
Мангал Фард есімді айыпталушы екі сыбайласымен бірге жасөспірімнің отбасының 13 мүшесін, оның ішінде әйелдер мен балаларды өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, шариғат шарттарына сәйкес өлім жазасына кесілген.
“Бүгін Хост провинциясындағы стадионда қысас ұстанымы бойынша үкім орындалды. Марқұмдардың отбасына кешіру мүмкіндігі ұсынылды, алайда олар бас тартты”, – делінген Ауғанстанның Жоғарғы сот палатасының хабарламасында.
Басылымның мәліметінше, бұл 2021 жылы тәліптер билікке қайта оралғаннан бергі он бірінші өлім жазасы болды. Билік көрермендерге телефон әкелуге тыйым салғанымен, стадионның сыртынан түсірілген жиналған халықтың видеосы тарады.
Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) жария өлім жазаларын тоқтатуға шақырып, мұндай әрекеттер халықаралық құқыққа қайшы екенін атап өтті.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған