"80 миллион теңге қажет": Фариза Төреәлі халықтан жылу жинады
Танымал блогер Фариза Төреәлі халықтан көмек сұрап, емге ақша жинап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/stories/farizatoreali/
Желі жұлдызы оқырмандарына отбасылы азаматтың ауырып жатқанын айтты.
“Қазір Ерлан бауырымыз үшін ақша жинауға Алла сезім салды. 3 баланың әкесі қазір аяғының емімен арпалысып жүр. Аяғына тұрып, жүріп кетуіне себепші болсақ, қандай бақыт?! 2021 жылы жол апатына түсіп, аман қалған. Оң аяқ 1 жерден, сол аяғы 3 жерден сынған. Осы уақытқа дейін 12 ота жасалған екен. Қазір Кореяға ем іздеп барған. Тағы 6-7 ота керек екен. Ол үшін 80 млн теңге қажет", – деп жазды блогер ару.
-
"Ризыққа әсер етеді": Фариза Төреәлінің ауа райына қатысты жазбасы көпшілікті ойландырып қойды
-
"Еркеден көріп қойғанбыз": Фариза Төреәлінің су жаңа сөмкесі ел талқысына түсті
Сондай-ақ Төреғали Төреәлінің қарындасы 5 минутта 1 млн теңге жиналғанын көрсетті.
“Белсенді болып жатқан әр жанға мың алғыс! 1-2 мың аударсаңыз да, үлкен көмек болғалы тұр. 6 сағатта 16 млн теңге жиналды. 24 сағатта қанша теңге жиналатынын күтейік. Сосын мұқтаж жанға аударамыз", – деп есеп берді Фариза.
Еске салайық, Фариза Төреәлі 24 сағатта 46 миллион теңге жинап, қатерлі ісікпен күресіп жатқан жақынына өмір сыйлаған еді.

Павлодарда "Қауіпсіз қала" жобасын іске асыруға 8,6 млрд теңге жұмсалмақ, Қытай Deep Seek-ті жасауға одан үш есе аз жұмсады – Депутат
