Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 жылға сотталған алматылық IT университетінің экс-ректоры сауда орталықтарының бірінде көзге түсті

Дамир Шыныбеков Алматыда көзге түстіФото: facebook.com/d.shynybekov

1,7 миллиард теңгені жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков бостандыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) мәліметінше, Дамир Шыныбеков амнистия және қамауда отырған уақытын қайта есептегеннен кейін заңды негізде бостандыққа шыққан.


2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


“Аталған адамға заңда белгіленген тәртіппен амнистия қолданылып, соның нәтижесінде жаза мерзімі қысқартылды. Қайта есептелген мерзімді ескеріп, сотталған адам сот тағайындаған жазаны толық өтеп, заңды негізде босатылды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство мерзімдерді қайта есептеу жөніндегі барлық шешім тек сот арқылы қабылданатынын және міндетті түрде орындалатынын атап өтті.

“Заңнама талаптарына сәйкес, сотталған адамның жеке ісіндегі мәліметтер жария етілмейді”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, IT университенің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырған деген күдікпен ұсталған еді.

Экс-ректор мен оның есепшісі аса ірі көлемде ақша жымқырғандары үшін 2020 жылы сотталды. №2 Бостандық аудандық соты университеттің ректоры Дамир Шыныбеков пен есепші Жанайым Спабекованы 8 жылға бас бостандығынан айырды.

2023 жылы аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған экс-ректордың жазасы жеңілдемейтіні хабарланды.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 12 Ақпан, 2026 11:37