Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 жасар бала қарандаштың кесірінен көз жұма жаздады

Оқушы рюкзагын асынып жатқанда, үшкір зат жан қалтасын тесіп өтіп, баланың қолына кіріп кеткен. Салдарынан баланың күретамырын зақымдаған.

Америкалық Флорида штатында үшінші сынып оқушысы Колстон Моради қарындаштан жарақат алып, өлім аузынан аман қалды.

Анық болғандай, оқушы рюкзагын арқасына асып жатқан кезде, қарындаш киімінің жан қалтасын тесіп өтіп, баланың қолына 10 см тереңдікке кіріп кеткен. Салдарынан Морадидың күретамыры зақымданған.

«Ол айқайламады, жыламады да. Тіпті, ештеңе айтқан жоқ. Оның тұрған жеріне қан жайылып кеткен еді. Жейдесі де қан болған», – дейді жарақаттанған оқушыны тауып алған мұғалімі.

Мұғалімдер оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, артынан ауруханаға жеткізген. Ол жерде жараны емдеп, тіккен.

New York Post басылымында хабарланғандай, оқушы ертесі күні-ақ сабаққа барып, оқуын жалғастырған.

Мектеп директоры Майкл Джонсон өзінің 28 жыл тәжірибесінде мұндай оқиғаға алғаш рет орын алғанын жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Полицейлер зейнеткерді өлтірмек болған мысықты ұстады

Махаббат құдіреті: Жыртқыш ұрғашы арыстанға ұнау үшін туристерге шабуыл жасады (видео)

Интернет сервис қыздарға қауіпті қонақүйлердің сайтына арнайы белгі қоймақ

Үндістанда мотоциклшілердің бензинін ұрлап ішіп келген маймыл ұсталды (видео)

Талқылау