8 наурызда Таяу Шығыстан елге тағы 1 786 қазақстандық жеткізілді

Наурыз айының 7-нен 8-не қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, нәтижесінде елге 1 786 жолаушы жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар азаматтарды Қазақстанға қайтару үшін тағы бірнеше рейс жоспарлап отыр.
3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс жасалып, 6 254 адам елге оралды.
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді