Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

73 жастағы бодибилдер әжей ғаламтор жұлдызына айналды (фото)

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс тұрғыны Дженис Лоррейннің тоқыма тоқып, тоқаш пісіріп жатқанын елестету мүмкін емес. Өйткені ол 50 жасынан бастап кәрілікпен күресу үшін бодибилдингпен айналыса бастаған.

0f9f657f-b02a-455e-b91d-6f60f74f9ad3

Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

Бұлшықеті қатайған 73 жастағы Лоррейн өзінің осы жасында да дәрі қабылдамайтын бодибилдинг болғанын мақтан тұтады.

Зейнетке шыққан Дженис 55 жасында спортпен шұғылдануды қолға алып, алдына мақсат қояды. 49 жастағы күйеуі де оның бұл ойын құптай кетеді. Ол кезде олардың отасқанына 25 жыл болған екен.

«Адамның жас кезінде уақыты тапшы болады. Ал, қартайған шағыңда әлің жоғала береді. Егер сіз өзіңіздің ешнәрсеге шамасы келмейтін қартай әжейге айналам деген ойыңызды өзгертпесеңіз, солай болып қала бересіз», – дейді ол.

ууу

Зейнеткер әжей жергілікті жаттығу залының бірінде жаттыққан. 1999 жылы Сидней олимпиадасына қатыспас бұрын 15 ай бойы дайындалған. Үш күн залда, үш күн күніне 8 шақырым жүріп, тек жексенб күні ғана демалған.

«Мен бодибилдингпен айналысуды қашан қоятынымды білмеймін. Мен 73 жастағы адамның қалай көріну керектігін дәлелдегім келеді», – дейді Лоррейн.

Содан бері Дженис көптеген жарыстарға қатысып, «Әлем аруы», «Дүниежүзі аруы» және «Олимпиа ару» атанды.

«Жаттығу жасасаңыз, кез келген жаста өзіңізді сергек, сенімді сезінесіз. Адамға одан артық не керек?», – дейді Дженис.

Талқылау