Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

71 жастағы америкалық 17 жасар жігітке тұрмысқа шықты

 

Севирвиллялық  зейнеткер Альмеда Эррелл  баласын соңғы сапарға шығарып салуға барып өзінің жас махаббатын кездестірген.  Әйел 17 жасар жігітпен үш апта кездесіп, махаббатқа толы тәтті уақытты өткізгенін мақтана айтады.  Гэри Хардвик бұған дейін 77 жастағы әжеймен кездесіп жүрген екен. Енді ғана отбасын құрған екеу қазір  зейнеткердің үйінде тұрады. Олар  әйелдің жас күйеуінен үш жас үлкен немересімен бірге бір шаңырақта тұрады екен.

а18

Бұл туралы bigpicture сайты жазды.

«Мен жас күйеу іздеген жоқпын. Ойламаған жерден Гэридің өзі пайда болды. Мен оның мені түсінетін жалғыз жан екенін бірден ұқтым»,-дейді әйел.

 

а1

Дүкенде ассистент болып жұмыс істейтін әйел күйеуі мен 45 жасында жүрек талмасынан қайтыс болған баласының өлімінен кейін өзін қуантқан осы жас күйеуі  екенін мақтана айтады.

 

а2

«Мен  күйеуім диабеттен қайтыс болған кезде өзімді өте жалғыз сезіндім. Үш ай бойына күнім жылаумен өтті. Тіпті жұмыс істеуге жарамсыз күйге түстім. Ал жас кезінде жол апатына түсіп, содан жүрегі үнемі мазалайтын ұлымның әйелі хабарласып «ол енді жоқ» деген кезде есімнен танып қалдым. Осы екі қайғылы жағдайдан кейін ұзақ жыл күткен қуанышым бұл. Әрине жалғыз  қалған сәтте жаныңды түсінетін адам іздейсің»,-дейді әйел.

 

а3

Гэри өзінен үлкен әйелдерге 8 жасынан бастап ғашық бола бастаған. Оның алғашқы махаббаты мектептегі мұғалімі екен. Ол өзінің 77 жастағы жұбайымен бақытсыз болғанын айтады.

 

а4

«Соңғы кездері үнемі ұрысып қалатынбыз. Мен бұл мәселеден шығудың жолын ұзақ іздедім. Жүйкемнің тозғаны соншалықты психологиялық тоқырауда қаншама уақытымды жоғалттым»,-дейді жас күйеу.

 

а5

Әйел жас күйеуіне бір көргеннен ғашық болып қалғанын жасырмайды.

«Мен оны  жерлеу рәсімінде алғаш көргенде-ақ «Міне ол» деген ойда болдым. Қайта-қайта шіркеудің арғы бұрышында тұрған оған қарай бердім.Соңында ол маған жақындап көңіл айтты. Ұзақ сөйлесетіндей уақытымыз да болған жоқ»,-дейді зейнеткер.

 

а6

Жігітті сол көргеннен ойлап жүрген әйел осы сезімі жайлы құрбысы Лизаға жасырмай бәрін айтқан. Өз кезегінде жігіт те  77 жастағы әйелімен қоштасып  Альмеданың ұнайтынын, қандай қадам жасаса дұрыс боларын сұрау мақсатында Лиза тәтесімен кездескен.

«Ол бірден оған да менің ұнайтынымды айтты. Маған ең бірінші болып Альмеданың ешкімге ұқсамайтын көк көздері ұнайды. Есімнен кетпей қалды»,-дейді жігіт.

а7

Жігіттің ойын түсінген әпкесі ғашықтарды өз қызының туған күніне шақырады. Ол жерде қазіргі жұбайлар алғаш рет бір дастархан басына жайғасып, сезімдерін тексерген болатын.

«Ол мен қалай есімде сақтап қалсам, келген сәтінде де сондай болды. Бір-бірімізден ұялып не жеп, не ішкенімізді білмей қалдық. Бір кезде  Гэри қобалжып отырып орындығынан құлап қалды»,-дейді әйел.

а8

Ал жігіт болса сол жерде өзіне ұнаған әйелдің ішкі дүниесімен ертерек таныс болуға асыққанын айтады.

«Біз бірнеше сағат түрлі жайттар жайлы әңгімелестік. Түсінгенім бізге ортақ дүниелер өте көп. Екеумізге ұнайтын әуендер де бір, италияндық асхана оған да, маған да ұнайды»,-дейді жас күйеу.

Әйел өзінің ең маңызды сұрағын ашық қойғанын күліп есіне алады.

«Мен оған «Сен 17-де болсаң мен 71 жастамын. Сен үшін тым кәрі емеспін бе?» деп сұрадым»,-дейді әйел.

Ал жігіт болса «Жаста тұрған ештеңе жоқ. Ол тек сандар ғана»,-деп жауап  берген екен.

Сол  әңгімеден кейін жігіт ғашығына бір құшақ қызыл раушан гүлі мен бағалы білезік тарту еткен. Алғашқы махаббат кездесуінде олар жол бойындағы орындықта ұзақ отырып сөйлесіп, алғаш рет ғашықтар сияқты сүйісіпті.

«Мен сүйісікен сәтте, осындай сыйлық алып, ғажап қамқорлықты сезінген сәтте өзімді жасөспірім сезініп кеттім»,-дейді әйел.

 

а9 а10

Осы кездесуден кейін олар кәдімгі ғашықтарға айналған. Ортақ достары мен жігіттің қалыңдығымен жасты әжесін, анасын қосылатындарына, шынайы махаббат иесі екендіктеріне сендірген. Олар да өз кезегінде еш қарсыласпай  отау көтерулеріне жан-жақтан қолдау көрсетіпті.

Екі апта кездесуден кейін жігіт зейнеткерге қоңырау шалып, оның қолын сұраған. Осындай боларына еш күмәнданбаған әйел бірден келісімін берген. Содан таныстықтың үшінші аптасында ерекше той ұйымдастырылды. Олар Лизаның ауласына қарсы беттегі саябақта дастархан жайып, алғаш сүйіскен орында некелерін қиған.

«Басында мен құрбыларыма, туыстарыма тұрмысқа шығамын деген кезде арасында таң қалғандары болды. Тіпті есімнен адаспағанымды дәлелдеуге тура келген кездер болды»,- дейді әйел.

 

а11

Дүркіреп өткен тойдан кейін олар көптен күткен алғашқы неке түнін өткізеді.

«Ол ешқандай да кәрі емес. Кей жастарға қарағанда нағыз әйел. Оның қиялы мені таң қалдырды. Менің арманымдағы әйел»,-дейді зейнеткердің күйеуі.

«Мен осынша жасқа келіп осында ләззатты алғаш сезіндім»,-дейді зейнеткер.

а12

2015 жылдың қазанында некелерін заңдастырған жұп қазір бақытты өмір сүріп жатқандарын айтады. Махабаттының дәлелі ретінде жігіт жүрек түсына 71 жастағы ғашығы мен өзінің есімін мәңгілікке жазып алған.

«Мен адам ешқандай жасқа қарамастан ғашық болып әрі бақытты бола алады екен. Соны түсіндім. Өзгелердің ойымен емес өз жүрегңнің қалауымен өмір сүрген адамды нағыз бақытқа жетелейді екен»,-дейді зейнеткер.

а13 а14 а15 а16 а17

 

 

 

Талқылау