Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

700-ден астам өзге ұлт өкілі Қазақстан азаматтығын алмақ

Алыс және таяу шетелден келген 734 адам Қазақстан азаматтығын алады.

Бүгін Қазақстан азаматтығынан шығару және беру мәселелері қарастырылды. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен президент жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Шетелден келген 734 адам Қазақстан азаматтығын алады. Бұл тиісті жарлық күшіне енген соң жүзеге асады.

Гүлшара Әбдіқалықова тәуелсіздік алғалы бері 1 миллион адамның Қазақстан азаматтығын алғанын атап өтті.

«Бұл әлемнің Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен сенімді дамып келе жатқан мемлекет ретінде Қазақстанға деген қызығушылығының айқын айғағы», – деді мемлекеттік хатшы.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда букмекерлік кеңсе ұтыс ұтқан клиентіне 62 млн теңге төлейтін болды

Павлодарда мұғалім оқушының алтын бұйымдарын алдап алып қойған

ТЖМ: Қазақстанда алдағы қыс өте суық болады

Талқылау