Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

70 мыңнан астам оқырманы бар қазақстандық блогер өтірік айтты деп айыпталды

9 сыныпта жүкті болған блогер

Фото: Видеодан скрин

Желіде 9-сыныпта жүкті болған қыз ретінде танылған Лена есімді TikTok-блогерді желі қолданушылары контент үшін өтірік айтып жүр деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өзін 16 жастағы жүкті әйел ретінде таныстырған Лена 9-сыныпта бала көтергенін, ауылда тұратынын, аяғы ауыр болса да 11 сағат жұмыс істейтінін айтады. Оның желіде жариялаған видеоларынан соңғы қоңырауға жиналған сәітн, босануға дайындалып жүргенін, базардан баласына бесікарба алып жүргенін көруге болады. 

Оның жариялаған видеоларының астында желідегілер өзімен тағдырлас екенін жазса, енді бірі мұның мүлдем шындыққа жанаспайтынын айтып, күдікпен қарады.

“Біздің сыныпта да сондай қыз бар еді”, “Сұмдық жағдай”, “Әдемі қыз, бірақ сондай қиын жағдайда”, “Кім болса да осындай жағдайға түсуі мүмкін. Адамдар алдында не күтіп тұрғанын білмей түрлі ауыр сөздер жазады”, “Бірақ тырнақ жасауға ақша табады екенсіз”, “IPhone-ны бар екен”, “Қалжың шығар деп үміттенемін”, – деп жазды желідегілер. 

@lena.v.derevne Блог о 🤰🏼 в 16 #беременностьв16 #беременнав16россия #беременнав16украина ♬ оригинальный звук - 58 <3

 

Сондай-ақ желі қолданушылары Ленаның тағы бір аккаунтын тауып алған. Оның таныстарының парақшалары арқылы бойжеткеннің 21 жаста екенін, Өскеменде тұратынын және суреттерінде жүкті екені байқалмайтынын айтады.

Блогер өзіне тағылған айыптауларға жауап ретінде видео жариялап, өзінің блогы “Лена ауылда” деп аталатынын, ал табылған суреттердегі қыздың өзіне еш қатысы жоғын айтты. Сондай-ақ ол өзінің блогы тек жағымды эмоциялар сыйлайтынын және көп адамға өмірдегі қиын жағдайларды еңсеруге көмектесетінін атап өтті.

“Парақша ашылғалы мен ешқашан, еш жерде өз картамды тіркемедім, тіпті адамдардан ақша да сұраған жоқпын. Менің блогым адамдарға қандай жағдай болмасын жақсы жағын көруге болатынын және өмірдегі барлық жағдайға позитивпен қарау қажет екенін көрсетеді”, – дейді ол.

@kseni_life__ беременная 16 летняя Лена, на самом деле блоггер из Усть-Каменогорска 👍 #Лена #мамав16 #ленаразоблачение #ленавдеревне ♬ оригинальный звук - Ksenia

 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 14:26
Талқылау