Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

70 метрден соғылған ғажайып гол: “Реал” құрамындағы түрік футболшысы әлем назарын аудартты

Арда ГүлерФото:Getty images

Мадридтік "Реал" Ла лиганың 28-туры аясында өз алаңында "Эльчені" қабылдап, 4:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Аталған матчта "Реал" сапындағы түркиялық жартылай қорғаушы Арда Гүлер ғаламат голымен көзге түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Матчтың аяқталар тұсында оның өз алаңынан бағыттаған соққысы қарсылас қақпасын табылды.

Шамамен 70 метр қашықтықтан соғылған бұл гол жанкүйерлерді таңданысын тудырды. Осылайша ол есепті 4:1-ге жеткізді.

Бұл Ла лига тарихындағы рекордтық көрсеткіштердің бірі.

Бұған дейін 2004 жылы "Нумансия" шабуылшысы Антонио Гуайре "Севилья" қақпасына шамамен 67 метр қашықтықтан гол соққан еді.

Нәтижесінде 21 жастағы Арда Гүлер керемет голымен әлем назарын аударды. 
Соңғы уақытта қосалқы құрамнан алаңға шығып жүрген жас футболшы осылайша өзінің шеберлігін күллі әлемге тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ал матчтағы алғашқы голды 39-минутта Антонио Рюдигер соқты. 45-минутта Федерико Вальверде есепті еселей түсті. Екінші таймда 66-минутта Дин Хёйсен үшінші голды салды. Ал 85-минутта Мануэль Моран автогол жіберіп алды.

Айта кетейік, Арда Гүлер 2023 жылы мадридтік "Реал" сапына қосылған.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026 13:14