Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 жыл төсек тартып жатқан Әнел: Марлен маған Алланың жіберген періштесі сияқты

Жеті жыл бойы аурудың «құрсауында» болып, төсек тартып жатқан Әнелдің ендігі арманы – сүйікті жар әрі білікті маман атану. Болашақ өмірлік серігін Әнел әлдеқашан таңдап қойған. Ол ауырғанда жанынан табылып, демеу болған сүйіктісі, ел бүгінгінің батыры атап кеткен – Марлен есімді жігіт. Ал мамандық таңдау жағы біраз қиындық туғызған ұқсайды. Себебі 10 жылға жуық уақыт бойы Әнелдің денсаулықтан өзгені ойлауға шамасы келмеді.

20246518_1540581549339221_2738495532831313496_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әйтсе де, бұл қайсар қыздың арманы асқақ, талғамы биік. Бүгінде ол елдің мұңын шағып, халық пен биліктің арасын жалғайтын журналист болсам деп армандайды екен. Бұл туралы журналист Әлия Құдайбергенова Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мəрлен мен Əнел! Бұл жұпты жастардың көбі біледі, Əнелдің өмір сүйгіштігіне, батылдығына, Мəрленнің сезім алдындағы адалдығына таңғалады. Қос ғашықтың бірге қол ұстасып келе жатқанына он жылға жуықтады. Əнелдің бойынан жеті бірдей ауру табылып, оннан астам диагноз қойылған. Ата-ана, жақын-жуық, дос-жаранның үміті үзіліп, Əнелдің өзі де тағдырына тəн беріп, Алланың жазған дертіне дес беріп, жеңіле жаздағанда Мəрлен ғана “жоқ, сен өмір сүруің керек!” деп, Əнелін арқалап, кислородын қолтықтап жүріп сүйгенінің дертіне шипа іздеді. Күн-түн отырып ем іздеп, интернет кезді, талай дəрігердің есігін қақты. Тауы шағылса да, Құдайдан үміттері үзілмеді.

“Адамдар тəтті ұйқыға кеткенде Құдаймен “байланысқа” шығатынмын, таң атқанша дұға жасап, “Əнелімді қалдыршы” деп жалбарынатынмын” дейді. Шынашақтай ғана баланың сүйгені үшін жасаған ерлігіне қарап отырып жылағың келеді.

Əнел: “əпке білесіз бе, Мəрлен маған Алланың жіберген періштесі сияқты… Ол мен үшін не көрмеді? Қандай құрбандыққа бармады? Өзім де таңғалам, мұндай адамның болуы мүмкін бе деп?! Осы жылдар ішінде басымыздан не өтпеді?! Бір рет маған көзжасын көрсеткен емес!” деді, бір сөзінде. Мəрленнің осы ниеті, шын махаббаты жеңіп Əнелдің дертіне шипа табылды! Дəрігері осы қыз үшін шетелден білім алып, тəжірибе алмасып келіп, күрделі ота жасады. Бір күдік, бір үмітпен жасалған ота сəтті өтіп, Əнел аман шықты! Жүрегі қайта соқты! Қазір екеуінен бақытты жан жоқ! Əнел сондай арманшыл, жан-жақты, көзі ашық, көкірегі ояу қыз. Мен екеуінен сұхбат алған соң, көзім жеткен соң айтып отырмын. Аяп отырғам жоқ. Олар аяушылық білдіргенді ұнатпайды.

“Əпке, журналист болғым келеді” деді, кеше хабарласып. Осындай қайсар қазақ қызының арманын орындағым-ақ келіп отыр. Анадай сұмдық сынақтан аман өткен қызға “жоқ, көмектесе алмаймын, өзің ұмтыл” деп қалай айтам?! Олар қазір Атырауда тұрып жатыр», – деп жазған Құдайбергенова атыраулық әріптестеріне қолқа салды.

Еске сала кетейік, Марлен мен Әнел танымал әнші Ернар Айдардың клипінде басты рөлді сомдады.

20245837_1540581499339226_4066825636327173601_n

Жіберіп алмаңыз:

Абай Бегей марқұм келіншегін сағынғанын айтып жұрттың жүрегін ауыртты

Оққағар, люкс: бөлме, ұшақ, көлік: Қайратты шетелге шақыртушыларға қойылатын негізгі талаптар белгілі болды

Ақбота Сейітмағамбет үлкен тойдың не себепті болмағанын түсіндірді

Айару Бақытбек: Итімізбен бір төсекте ұйықтап, бір дастарханнан тамақтанамыз

Талқылау