Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"7 жылымның әрбір сәтіне ризамын": Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне алғыс білдірді

ҚР Халық әртісі, халықаралық байқаулардың жүлдегері Димаш Құдайберген дүниежүзіндегі тыңдарман қауымға алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Өнер иесінің жанкүйерлері өздерін “Dears” деп атап кеткен. 

“Құрметті достар, сүйікті Dears! Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Себебі біз жетінші мерейтойымызды атап өткелі жатырмыз! Өздеріңіз білесіздер, 7 – қазақ халқы үшін қасиетті сан. Сондықтан мен сіздермен бірге болған 7 жылымның әр сәтіне шексіз ризамын. Мен өзімнің шығармашылығымды сіздермен бөлісіп паш ете алатынымды және сіздермен бірге керемет естеліктер жасағанымды мақтан тұтамын. Қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Әрқашан бақытты болыңыздар! Алдағы болатын концертімде кездескенше!”, – деп жазды әнші. 


Халық әртісінің түкпір-түкпірдегі тыңдарманы жарыса құттықтап, тілектерін жаудырып жатыр. Сонымен қатар Димаштың жанкүйерлері “Біз бейбітшілікті таңдаймыз!” атты жобаны іске асырған. Әр мемлекеттегі өнер иесінің тыңдармандары бейбітшілікті қолдау мақсатында бейнеролик түсірген. Нәтижесінде 10 бейнеролик түсіріліп, Нью-Йорктегі Таймс-Сквердің ең танымал TSX билбордтарының бірінде көрсетілмек. 

“Біздің DEARS отбасымыз өсе берсін, дауыстарымыз тоқтаусыз жаңғырық сияқты естіле берсін! Жобамыз бүкіл ғаламда толқын сияқты тарала берсін!", – деп Димаштың жанкүйерлері ерекше толғанысын жеткізді. 

 

Талқылау