7 жасар баланың дауы: Анасы ұлының зорланғаны жөнінде телеарналардың біріне берген сұхбатынан білген
ОҚО Абай ауылында зорлық көрген болуы мүмкін 7 жасар бала анасымен бірге Аналар үйіне орналастырылды. Анасының айтуынша, ол ұлының зорланғаны жөнінде телеарналардың біріне берген сұхбатынан білген, деп хабарлайды Stan.kz.
«Ата-ана» ұлттық ата-аналар кеңесінің төрайымы Жанна Ахметова желідегі парақшасында 7 жасар баланың анасымен кездескенін мәлімдеді. Оның сөзінше, баланың анасы отбасын асырау үшін Алматыда даяшы болып жұмыс істейді екен.
«ОҚО-дағы баланың анасы туралы айтайын. Мен кеше онымен кездесіп, көп нәрсе туралы ұзақ сөйлестік. Ол – жас, сабырлы әрі жақсы әйел. Ол даяшы болып жұмыс істеп, Абайда тұратын отбасы үшін таңнан кешке дейін еңбектенеді.
Осы уақыт бойы ол қайда болды? Ол ештеңені білмеген әрі оған хабарламаған да. Ол ұлын анасы мен әпкесіне сеніп тапсырған. Өз кезегінде олар баланың анасын мазаламауды жөн көрген. Мұның себебін білмеймін. Бала туралы телеарналардың бірінен көрсете бастағанда ғана туыстарының бірі оның анасын көріп қалып, хабарласып айтқан. Анасы осыдан кейін ғана болған оқиға туралы біліпті. Жылап, есі шығып, отбасын теледидардан көрсетіп, күштеп пойыздан түсіріп алғаны үшін қатты ашуланған», – дейді Ахметова.
Сонымен қатар, Ахметова баланың анасы оны керек-жарақтың бәрімен қамтамасыз етіп тұрғанын және жақсы ана екенін атап өтті.
«Тағы қайталаймын, ол – жақсы ана. Баласына әр маусымға арналған екі аяқ киім, күрте, мектепке арналған бірнеше шалбар алып беріп отырған. Алматыдан ойыншық алу үшін ақша жіберіп тұрыпты», – дейді Ахметова.
Ата-аналар кеңесінің төрайымының айтуынша, бұл даулы оқиғаның басы көрші балалардың қызғанышынан басталыпты.
«2016 жыл бәрі неден басталғанын білесіздер ме? Ол ұлына велосипед алып берген. Көршілес тұрған балалардың велосипеді болмағандықтан, олар тартып алғысы келіп, баланы ұрып тастаған. Мұнан кейін анасы ұлына телефон алып беріпті. Көрші балалардың телефоны болмаған. Сол үшін тағы да соққыға жыққан. Біраз уақыттан соң анасы ұлына екі спинер беріп жіберіпті. Ал көршілердің балаларында оның бірі де болмаған екен…
Әжесі ол балалардың ата-анасымен сөйлескен. Алайда ата-аналары олардың бала екенін және бәрін өздері шешетінін айтыпты. Полицейлер де осы сөзді айтып, арызын қабылдамаған. Прокуратурадағылардың да сөзі осы болыпты. Мұнан кейін анасы ұлында велосипед те, телефон да, спинер де болмағаны жөн, тек оны өзге балалар ұрмаса болды деп шешіпті. Себебі бәрі-бір ешкім көмектесе алмайды. Алайда ол балалар ұрып-соғуды әдетке айналдырған… Олардың отбасында солай қалыптасқан деп ойлаймын», – дейді Жанна Ахметова.
Жанна Ахметованың сөзінше, қазіргі уақытта баланың анасы Астанада және балаға қатысты барлық мәселені анасы шешетін болады.
Оқи отырыңыз:
7 жасар баланың дауы: Анасы мен ұлының қайда екені белгілі болды
7 жасар баланың отбасына қоқан лоқы көрсеткен
Астанада 7 жасар баланы анасы алып кетті
Балиева: 7 жасар баламен кездескісі келетіндерге бір шартым бар