Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

7 мамыр – әр отбасынан бастап мемлекет бойынша ер адамдарға айрықша құрмет көрсетіліп, олардың батылдығы мен ерлігі айтылатын күн. Сондай-ақ, бұл күні Екінші Дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткен қарттарымызға құрмет көрсетіледі.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Аталған Жарлыққа сәйкес, Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы Күштер  өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті.

Қарулы Күштерді басқаруды жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз мойнына алды. Ал алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды.

7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғандықтан, бұл күн  «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

Жылдағы дәстүр бойынша, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде құттықтау рәсімдері өткізіледі. Елбасы (Жоғарғы Бас қолбасшы) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезекті әскери атақтарды тағайындап, батылдығымен, ерлігімен көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттайды.

Талқылау