“7-20-25” бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек?
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев “7-20-25” ипотекалық бағдарламасының талаптарын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik.

“”7-20-25″ бағдарламасына қатысу үшін әуелі сатып алатын баспананы таңдау керек. Баспананың шекті бағасы бекітіледі. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында ең жоғары баға 25 миллион теңге болса, өзге аймақтарда 15 млн теңге. Несие алушы банкке өтініш жазып, құжаттарын қалдырады. Несие алушының табыс көзі болуы міндетті. Сонымен қатар меншігінде баспана болмауы тиіс”, – деді банк төрағасы.
Айта кетейік, елбасы ұсынған “7 – 20 – 25” жаңа тұрғын үй бағдарламасы 2018 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады.
Тағы да оқыңыз:
Таразда сот төрешісі пара алып жатқан жерінен ұсталды
Банктерді банкротқа ұшыратқан қаржы институтының басшылары мен акционерлері жауапқа тартылуы мүмкін
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен