AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"63 жаста зейнетке шығып, 67 жаста өледі": Министр ерлердің зейнет жасын төмендету туралы сұраққа жауап берді

Былтыр елдегі ер адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 67 жасты құраған. Министр ерлердің зейнет жасын төмендету туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Әлемдік рейтингтегі көрсеткіш осындай. Ал ер-азаматтар зейнетке 63 жаста шығады десек, ол бар болғаны 4-ақ жыл зейнетінің рахатын көреді екен.

Еңбек министрлігіндегілер ерлердің зейнетке шығу жасын өзгерту мүмкін емес деп есептейді.

Бірақ Тамара Дүйсенованың сөзінше, азаматтар 63 жасты күтпей, жинақтаушы зейнетақы қорын тезірек толтырып, 50 жаста ерте зейнеткер атануына болады екен.

“98 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақысына өз уақытында қосылып отыратын болса, зейнетақы жарнасы дұрыс болатын болса, 63-те емес, 50 жасында зейнетке шығуға мүмкіндігі бар деп заңда жазылып қойылған. Толық мүмкіндік бар қазір зейнетке ерте шығып кетуге. Ол тек әйелдерге емес, ер азаматтарға да дәл сондай”, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.



Кез келген қазақстандықтың зейнетақы жинағының толуы жалақысына байланысты. Жыл басында президент ел халқының табысы 50 мың теңгеге жетпейтінін мәлімдеген еді. Үкімет олқылықтың орнын толтыруға барынша күш салып жатыр. Олар 2025 жылға дейін бұқараның өмір сүру деңгейін көтеретін жобаны ойлап тауыпты. Ел қазынасынан немесе квазимемлекеттік сектордан бағытталатын қаржы бір миллионнан астам халықтың жалақысын арттыруға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ үш жылда атқарушы билік инвестжобаларды іске асырып, екі миллион жұмыс орнын құрамыз деп отыр. Жобаның бюджеті – 197 миллиард теңге.

“Тұрақты жұмыс деген не? Ол ең алдымен, орта және шағын бизнес. Тұрақты жұмыс мемлекеттік органдарда болуы мүмкін, квазимемлекеттік сектор айналасында болуы мүмкін. Ал қалған жұмыстардың тұрақты болуы осындай орта және шағын бизнесті дамыту арқылы әр азамат өз өмірін, жанұясының өмірін жақсартуға болашақта мүмкіндік алады. Ол үшін азаматтар еңбектену керек”, – дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр