AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнет жасын төмендетсек, зейнетақы да аз болады – Министр

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жалпы зейнетақы жүйесі туралы айтылған кезде сіздер бір нәрсені білгеніңіз жөн. Біз 1998 жылы зейнетақы жүйесін реформаладық. Сол реформаға сәйкес, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар азаматтар ғана мемлекеттен еңбек зейнетақысын алады, содан кейін оған қосымша базалық зейнетақы төленеді. Ал егер біз зейнет жасын төмендететін болсақ, онсыз да еңбек өтілі төмендеп келе жатыр, зейнетақы да өте төмен болады", - деді Тамара Дүйсенова Сенатта тілшілерге берген сұхбатында.



Министр азаматтардың зейнетке ерте шығу мүмкіндігі де бар екенін еске салды.

"Сондықтан азаматтар 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақыға өз уақытында қосылып отырса, жарнасы дұрыс болса, 63 емес, тіпті 50 жасында зейнетке шығып кетуге мүмкіндігі бар деп заңда жазылып қойған. Сондықтан да азаматтардың ең негізгі жұмысы – зейнетақы жүйесіне уақытында қосылып, уақытында жарнасын төлеп отырса, зейнетке ерте шығуға толық мүмкіндігі бар. Бұл әйелдер ғана емес, ер адамдарға да қатысты", –  деді Еңбек министрі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр