Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

61 жастағы әйел 24 жастағы жігітпен атастырылды

Американың Дейтон қаласында 61 жастағы Шерил МакГрегор 24 жастағы Коран Маккейнмен атастырылды. Жұпты 37 жас айырмашылығы бөліп тұр.

Олар Коран 15 жаста Джорджиядағы фаст-фуд мейрамханасында жұмыс істеген кезде кездесті.

Шерил Кристің ұлы оның менеджері болған. Әйел ұлын көруге немесе тамақтану үшін осы мейрамханаға келген. Ақыр соңында Коран жұмыстан кеткен. Сол кезден бастап олар бір-бірін көрмеген. Бірақ былтыр күзде Коран Шерил кассир болып жұмыс істейтін дүкенге барған.

“Бұрын мен оны күн сайын көретінмін, ол әрқашан сондай бақытты болып жүретін еді, бірақ бұл жолы ол мұңайып тұрды, мен одан не болғанын сұрадым, ол жылады", – деп еске алады Коран.

Кассир Шерил TikTok-қа билеп видео салғанын, жағымсыз пікір оқығанын айтқан. Ал Коран оны жұбатпақ болды. Осыдан кейін олар сөйлесіп, тіпті би билеп, бірнеше видео түсірді. Олардың бейнежазбасы тез тарап,1,3 миллион лайк жинады.



Олар жақын араласып, уақыт өте келе қарым-қатынасы романтикалық сипатқа ие болды. Жұп жыныстық өмірі де керемет екенін жасырып қалмады

"Әр жолы жақсарып келеді, бұл қалыпты жағдай, ерекше ештеңе жоқ, бірақ мен үшін ол керемет. Ол не істеп жатқанын біледі және бұл ең жақсы бөлігі", – дейді Коран.

Атастырудан кейін қалыңдық пен күйеу жігіт әлеуметтік желілердің бірінде парақша ашып, онда түрлі видеоларын бөліседі. 

"Бұл басқаша, бұл керемет, ол өте жомарт, менің ойымша, жас болғандықтан осындай... Арамызда ерекше байланыс бар. Ол керемет адам. Ол жас болса да, арамызды химия көп және бұл бізді жақындастырады", – дейді Шерил.

Бұл ретте, Шерил Коранның әжесінен алты жас кіші, ал атасынан сегіз жас кіші екені белгілі болды. Коранның айтуынша, олардың қарым-қатынасына ешкім сенбеген және бұл әзіл деп ойлаған. Бірақ отбасы олардың бірге бақытты екенін көргендіктен ұлының шешімін қабылдаған.

Ал Шерилдің 7 баласы бар, кейбіреулері оның сүйіктісі туралы білгенде анасын бас тартқан.

"Ол қатты ренжіді, өйткені оларды осындай болсын деп тәрбиелемеген", — деп мойындайды Коран.

Желіде пайдаланушылар жұпты сынайды, жағымсыз пікірлер қалдырады, Шерилді "әже" деп атайды немесе олардың ерекше қарым-қатынасы заңсыз екенін айтады, үнемі 37 жас айырмашылықты еске салады.

Сынға қарамастан, жұп позитивті болуға тырысады. Олар 31 шілдеде атастырылды, көп ұзамай үйленуге ниетті.

 

Гүлдана Қазтай
Сенбі, 14 Тамыз, 2021 19:49
Талқылау