Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел ағасын өлтірген қылмыскерге тұрмысқа шықты

АҚШ-та Огайо штатының тұрғыны Кристал Строс 1980 жылдары өгей ағасын өлтіргені үшін сотталған ер адамға тұрмысқа шықты.

Жұптың қарым-қатынасы хат алмасудан басталған. Кристал түрмедегі Джонға хат жазып, оны кешіргенін және ешқандай кек сақтамайтынын мәлімдеген.

“Мен оған жауап жаздым, ешкімді өлтірмегенімді атап өттім”, – деді ер адам.

Олар хат жазысып тұрған, нәтижесінде шынайы махаббат пайда болды. Үйлену тойы бостандықта өтті. Дегенмен, Джон 1987 жылдан бері тергеудегі істен әлі босатылмаған. 

Кристал Стростың ағасы Брайан Макгэридің денесі үйінен табылды. Сарапшылар марқұмның ауыр пышақ жарақатынан және басына тиген оқтан қаза болғанын анықтады. Тергеу барысында Брайанның пәтердегі көршісі Джон Тайдьен тергеумен келісім жасады: ол кінәсін мойындап, қол қойған. Тергеу материалында, Джон өзіне шабуыл жасағысы келген досын атып өлтіргенін жазған. Өзін-өзі қорғау және кінәсін мойындағанын ескере отырып, оған аз уақыт тағайындалды.

Бірақ түрмеде ол кінәсіз екенін айтып, айтқан сөздерін жоққа шығарды. Оған мерзім қосылды. Сонымен қатар жауап ретінде тергеушілер Джонның Брайанды атып өлтірген мылтықты жасыруды сұраған досының айғақтарын көрсетті. Ол көршісі өзіне қол салғанын айтты.

Сот процестері жүріп жатқанда, Джон мен Кристал жақындай түсті. Өткен жылы Нью-Йорк түрмесінде отырғанда, ер адам сүйіктісіне телефон арқылы үйленуге ұсыныс жасады, Кристал келісті. Джон түрмеден шыққан соң үйлену тойды жасады.

Алайда олардың бақыты ұзаққа созылмауы мүмкін. Жақында Джонның ісі бойынша жаңа сот процесі басталады және ол тағы қамалуы ықтимал.

Талқылау