Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

60 жыл бала көтере алмаған 74 жастағы зейнеткер егіз сәбиді өмірге әкелді

Үндістанның Андхра-Прадеш штатының тұрғыны 74 жасында ЭКО көмегімен жүкті болып, екі қызды өмірге әкелді.

60 жыл бала көтере алмаған 74 жастағы зейнеткер егіз сәбиді өмірге әкелді

Аурухана директоры айтқандай, Эрраматти Мангаямма кесарь тілігі арқылы балаларын дүниеге әкелді.

Операция біртіндеп өтті. Анасы да, жаңа туған нәрестелердің де денсаулығы жақсы, ешқандай асқынулары жоқ. Алайда ананы соңғы бірнеше сағатта бастан кешкен стресстен арылу үшін жансақтау бөліміне жіберді.

Жоғарыда айтылғандай, әйел сәбилерін емізе алмайды, олар донорлық сүт банкінен сүт алады. Директордың айтуынша, қарт әйел қант диабеті және гипертония сияқты медициналық асқынулардың болмауына байланысты бала көтеріп, дүниеге әкелді. Манаямма және оның 80 жастағы күйеуі Рая Рао 1962 жылы 22 наурызда үйленді. Соңғы 57 жыл ішінде ерлі-зайыптылар бала көтере алмады. Алайда, қолдан ұрықтандыру процедурасының көмегімен  74 жастағы әйел осы жылдың қаңтарында жүкті бола алды.

Талқылау