Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

60 жастағы салық қызметкері зейнетке 5 жыл ерте шығу үшін жынысын өзгерткен

Аргентинадағы Сальта провинциясында 60 жастағы салық қызметкері Серджио Лазарович зейнетке бес жыл ерте шығу үшін құжаттағы жынысын өзгерткен.

Аргентина заңдарына сәйкес кез-келген адам жеке себептері бойынша жынысын өзгерте алады. 60 жастағы Серхио Лазарович та жеке себептері бойынша жынысын өзгерткен. Күтпеген шешімге келген салық қызметкері 25 жыл бойы некеде болған. Құжат бойынша енді ол гетеросексуалды қатынаста. Дегенмен, Лазаровичтің өмірінде бірқатар өзгерістер орын алды. Енді оның есімі Сержиа және ол зейнетақы алуға толық құқылы.

Ал Сержианың туысы салық қызметкері жынысын зейнетке ертерек шығу үшін өзгертті дейді. Оның айтуынша, Лазарович әрқашан ерлер мен әйелдердің зейнеткерлік жасын әділетсіз деп есептеп, бұл жүйені алдауға шешім қабылдаған. Сонымен қатар, Сержиа бұрын гейлер мен транссексуалдар туралы теріс пікірде болған.

Бірақ Сержио Лазарович жынысын қандай себеппен өзгерткенін айтудан бас тартты. Ол бұл жеке мәселе екенін түсіндіріп, ешкімге ештеңе түсіндіруге міндетті емес екенін айтты.

 

Талқылау