Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

60 миллиард: Мемлекет "Қазагроға" тағы көмектеседі

Бюджетті "сүлікше сорады" деп талай сыналған квазисектордағы алпауыттардың бірі – "Қазагро" холдингі мемлекеттен тағы көмек алатын болды. Бүгін мәжілісмендер ұлттық компания басшылығы ақшаны жарата алмайды деп әбден сынап, ақыры 60 миллиард теңге бөлуге келісім берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

2018 жылдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен. Министрлер кабинеті Мәжілістен тағы ақша сұрауда.

"Компания табысқа емес, шығынға батып жатыр. Жұмбақ бір құрылым деуге болады. Құтты Бермуд үштағаны сияқты. Ақша түседі де, ізімғайым жоғалады. Енді тағы 60 миллиард сұрап отыр", — дейді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Отырыста холдингке қатысты ауыр сөздер айтылса да, депутаттар әдетіне басып 60 миллиард теңгені қолына оңай ұстата салды. Ал қазынаның қомақты қаржысы «Қазагроны» дамытуға емес, әлі сол жұмыс жүйесін реттеуге жұмсалмақ. Мысалы, құрамындағы еншілес компаниялар қысқарып, мың адам жұмысынан босатылады. «Қазагро» жүздеген миллиард қарызын 2020 жылдың соңына дейін осылай жоймақшы.

Талқылау