60 cағат жатқан: Түркияда туғанына 20 күн болған нәресте үйінді астынан тірі табылды
Түркияның Кахраманмараш қаласында қираған үйдің астынан туғанына 20 күн болған нәресте табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, сәбидің аты – Керем Агырташ. Ол Хатай провинциясында болған жер сілкінісінен кейін қираған үйдің астында 60 сағат жатқан. Кішкентай Керемнің денсаулығы жақсы. Оны тапқанда қолына шаштың бұрымы байланып жатқан.
Дәл осы провинцияға кіретін Самандаг қаласында туғанына 10 күн болған сәби тірі табылды. Ягыз Улаш үйінділердің астында 90 сағат жатқан.
Айта кетері, Хатай провинциясында жер сілкінісі қатты болды. Ол жерде үш Қазақстан азаматы жоғалды. Сабина есімді қыз тірі табылды. Ал Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашев қаза тапты.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"