6 жасар қыз макияж жасау әдісін көрсетіп, бойжеткендерді қайран қалдырды (фото, видео)
Австралиялық 6 жасар қыз әлеуметтік желілерде макияж жасаудың әдісін көрсетіп, өзінен үлкен бойжеткендерді тәнті қылды. Бэлла-Роуз бен визажист құрбысы Эмили Гванмен бірге макияж түрлерін жасап, Instagram, YouTube желілеріне жариялап отырады.
Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.
22 жастағы Эмили Гован бояуларға бала күнінен қызыққанын және болашақта кәсібін макияжбен байланыстырамын деп ойлағанын айтады.
«Мен тіпті бала күнімде анамның ерін бояғышын қалай қолданғанымды да білемін», – дейді ол.
Косметолог мамандығын бітірген соң оған ғаламторда көптеген визажистер жазыла бастаған.
Қазір Эмилидің Instagram парақшасында 180 мыңнан астам жазылушысы және YouTube арнасында 4 мыңнан астам жазылушысы бар екен. Оның ең белсенді жазылушысы Бэлла-Роуз бен құрбысының кіші сіңлісі Даники.
Желтоқсан айында Эмили Гован мен Даники Бэлла-Роуздың туған күніне тосынсый жасамақ болып, макияж түсірілімін жасайды. Сол кезе Эмили кішкентай қыздың өзінен кейін макияжды қалай қайталағанына таң қалады.
«Мен оған қай бояуды қай жерге жағу керектігін ғана түсіндірдім. Ол кистіні қалай ұстау керегін, қалай жағу керегін маған қарап отырып-ақ үйреніп алды. Ол бір көргенін тез жаттап алып отырды. Тіпті камерамен де қалай жұмыс істеу керегін де біледі», – дейді ол.
Өзге балалар мультфильм көріп отырғанда Даники макияж роликтерін қарайды екен.
Олардың желіде жарияланған видеолары көп қаралып, қолданушылар тарапынан жақсы пікірлер жазылған. Алайда, кейбіреулер қыздың боянатын жаста еместігін, оған әлі ерте екенінін де жазған. Алайда, Эмили оның макияжды көңіл көтеру үшін жасайтынын, тіпті өзінің суреттері танымал болып кететінін де білмегенін айтып өтті.
Оның тек айына бір рет қана боянатынын, макияжды мерекелік кештерге арнайы жасайтынын айтады.