6 жасар Даниал Айдаров джиуджитсудан әлем чемпионы атанды
Біріккен Араб Әмірліктерінен жақсы жаңалық жетті. Ел астанасы Абу-Даби қаласында джиуджитсудан балалар арасында өткен Әлем чемпионатында Даниал Айдаров жеңімпаз атанды.
22 келі салмақ дәрежесінде қарсы келгеннің бәрін шаң қаптырған ол жеңістің биік тұғырынан көрінді, деп жазады Замана.
Даниал – Созақтың тумасы. Бүгінде әкесі Бибол Әшірбеков қызмет бабымен Астана қаласында тұрады. Даниал күнделікті жаттығуын да осы қаладағы «Ронни» жекпе-жек клубында жасайды.
«Даниал спортқа бейім. Жаттығуларына барып, қадағалап тұрамын, бар ынтасымен жасайды. Сосын төрттағанда мықты. Жастығына қарамай, қарсыластарына ауырту тәсілін сауатты қолдана біледі» – дейді немересінің жеңісті жолы туралы оның атасы Айдар Әшірбеков.
Жекпе-жек спортының төресі – джиу-джитсудан 6 жасында Әлем чемпионы болған Даниал Айдаровтың жеңісті жолының көп болатынына сенеміз. Оған қазақтың даңқты спортшыларының жолын берсін!
Тағы да оқыңыз:
Ислам дінін қабылдап, қазақша өлең жазатын орыс жігіті өзінің табысқа жету құпиясымен бөлісті
Құралай Нұрқаділова әкесінің басынан өткен бір оқиғаны айтып берді
Ғарифолла Есім: Кеңес заманында өскен бізден ақсақалдық шықпай жатыр