Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6-сынып оқушысы өзін зорлаған өгей әкесінен жүкті болып қалды

Адыгейлік 6-сынып оқушысы өзін зорлап тастаған өгей әкесінен жүкті болып қалған. 12 жастағы қыз, тіпті, жүкті екенін түсінбеген. Тек анасына ішінің қатты ауырып жүргенін айтқан.

Бұл туралы  «Комсомольская правда» басылымы жазды.

Қыздың анасы Анна бірнеше жылдан бері 35 жастағы Мұрат Хамрақұловпен бірге тұрып келе жатқан. Ер адамның Тәжікстанда бірінші некесінен бір қызы қалған. Ал Аннаның бірінші күйеуі отбасымен қарым-қатынасын толықтай үзген. Күйеуі бірнеше рет түрмеде отырған екен.

Бір жыл бұрын Мұрат өзінің жаңа отбасымен бірге жаңа пәтер жалдап тұра бастайды. Көршілері ерлі-зайыптылардың арасында еш жанжал болмағанын айтады. Көршілері де, отбасының жақын туысқандары да 12 жасар қыздың жүкті екенін білмеген. Тергеу барысында анасы қызының дөңгеленіп шыға бастаған ішін байқамағанын айтқан. Себебі, үнемі кең киімдер киіп жүреді екен. Анна қызы толысып кетті деп ойлаған.

“Маринаға жаным ашиды. Ол өте жақсы бала. Сабақ үлгерімі нашар болса да, талпынысы бар оқушы еді. Маринаның жаз айларында толысып қалғанын байқадық. Ол күлімсіреп анасының өзін бәлішпен тойдырып жүргенін айтқан еді. Ал партада отырған оқушының жүкті екенін байқау мүмкін емес. Бастауыш сынып оқушысы жүкті болуы мүмкін деген ой келмепті. Мен оның сөздеріне сенемін. Ол зорланған болуы мүмкін. Оған өтірік айтудың не қажеті бар”, – дейді мектеп директоры.

Қыздың қандай жағдайда жүкті болып қалғанын тергеушілер тексеріп жатыр. Оны өгей әкесі зорлады деген нұсқа бар. Қыздың айтуынша, әкесі оны бұл оқиғаны айтқан жағдайда өлтіріп тастайтынын айтып қорқытқан. Ер адам қызды бірнеше рет зорлаған болуы да мүмкін.

Қыз уақыт өте келе мектептегі дәрігерге ішінің ауыратынын айтқан. Медбике оны УДЗ-ге бағыттап, сол жерде жүкті екені анықталған. Бұл жаңалықты естіп барлығы таңқалған. Түсік тастауға кеш болғандықтан, дәрігерлер оны босандырмақ ниетте. Қазіргі таңда қыздың өгей әкесі қамалып, үстінен қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Жүргізуші тікелей эфирде жеп тұрған тамағын түкіріп тастады

Екі баланың анасын қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнында тоқтамай күлген

Астанада сауда орталығының алдында қанды оқиға болды

Талқылау