56 адамның ағзасын заңсыз сатқан украиналық әйел Қазақстанға жеткізілді

Адам ағзасын саудалағаны үшін халықаралық іздеуде болған Украина азаматы Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Экстрадицияны Бас прокуратура және Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асырды.
Мәліметке сәйкес, әйел 2017–2018 жылдары адам ағзасын заңсыз сатып алу және сатумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған. Ол донорлар мен алушыларды іздеп, кездесулер ұйымдастырған. Осылайша ағзаларды сатып алу мен трансплантациялауды қолдап, құпиялықты сақтауға көмектескен.
Қылмыстық топ мүшелері тірі адамдардың ағзасына қатысты 56 заңсыз мәміле ұйымдастырған. Тергеу және шетелдік дереккөздерге сәйкес, қылмыстық желі 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Таиландта жұмыс істеген. Заңсыз операциялар кезінде 56 жәбірленушінің бүйректері алынған. Олар кейін трансплантациялау үшін, Қазақстандағы медициналық мекемелерде пайдаланылған. Қылмыс жасағаннан кейін әйел қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып, бес жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған. Ол 2020 жылдың 9 қарашасынан бері іздеуде болған.
Фото: Бас прокуратура
2025 жылдың наурыз айында ол Польшаның шекарасынан өтпек болған кезде ұсталды. 2025 жылдың 7 наурызында Польшаның прокуратурасы экстрадициялауға дейін жеті тәулікке уақытша қамауға алу туралы өтініш берді.
Польша БАҚ-тарының хабарлауынша, ұсталған адам 35 жастағы Украина азаматы Ксения П. Оны бұрын Қазақстан соты адам ағзаларын сатумен айналысатын халықаралық қылмыстық топ құрамында болғаны үшін 12 жылға соттаған. Экстрадицияланған әйел қазір тергеу изоляторында.
Айта кетейік, бұған дейін Банктен 55 миллион теңге ұрлады деген күдікпен 7 жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандық экстрадицияланғаны туралы жазған едік.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты