Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

52 жастағы ер адам өз жүрегіне 9 сантиметрлік шеге тығып алды

Американың Висконсин штатына қарасты Милуоки қаласында ер адам өзінің жүрегіне абайсызда шеге тығып алған.

20170817204739

Бұл туралы Лента.ру хабарлады.

52 жастағы Дуг Бергесон (Doug Bergeson) пешті жөндеп отырып, абайсызда шеге атқыш таманшаны өзіне қаратып атып жіберді. Ол өз-өзіне шеге сұғып алғанын үстіндегі киімін шешкен соң бір-ақ көрген.

Алайда соған қарамастан Бергесон қорықпаған. Ол жуынып, жақын маңдағы ауруханаға өзі жеткен. Ол кеудесіне шеге кіріп кеткеніне емес, жұмысының кейінге қалғанына өкінген.

Ал Бергесонді қараған дәрігер оны өздігінен шегені шығарып алуға тырыспағаны үшін мақтады.

«Тіпті, ең сәтсіз күннің өзінде бұл жігіттің сабырлы екенін көрсетеді», – деп атап өтті ол.

Бергесон ауруханада екі күн жатып, үйіне шыққан.

Жіберіп алмаңыз:

Қынадан сақ болыңыз: Татуировка жасатқан қыздың ата-анасы жұртқа жан айқайын жеткізді

65 жыл отасқан жұп эвтаназия қабылдап бір сәтте көз жұмды

Жас жігіт өзін мазақ еткен жеткіншектен кек алу үшін оның анасымен төсектес болды

Аю өзіне сүт бермек болған ер адамның қолын қоса жеп қойды (видео)

Талқылау